4 қаңтарда мұғалімдер арасында коуч сабағын өткіздім. Тақырыбы «Оқудағы кедергілерді анықтау.Оқудағы кедергілерді соның ішінде жас ерекшеліктерді пробеламаларын жеңу мақсатындағы педагогикалық тәсілдерді таңдау және нақтылау » Коучинг сабағымды алдымен жағымды психологиялық хал- ақуал қалыптастырып, көтеріңкі көңіл күй орнату үшін «Если ты патриот» атты тренинг ұйымдастырдым. Ұстаздарды топқа бөлу үшін «карта» ойынын пайдаландым. Әртоп өздерінің топ ережелерін құрғаннан кейін, миға шабуыл кезеңінде «суретпен» жұмыс жасай отырып өздерінің пікірін ортаға салып коучингтің тақырыбын өздері ашты. Әрбір мұғалім өзінің сабағында кездесетін кедергілері туралы айтып стикерге жазып тақтаға ілді. Мұғалімдер белсене қатысты. Презентация, бейнеролик көрсетілді. Үлестірмелі материалдар беріліп, топтар сол арқылы жұмыс жасап постер қорғады.Постерді әр топ басшылары «Микрафон » тәсілі арқылы қорғады. Сабақ соңында « Телеграмма » әдісі арқылы рефлексия жасалды. Күткен нәтижеме қол жеткіздім.