«Ақмола облысы білім басқармасының Шортандыауданы бойынша білім бөлімі Раевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа села Раевка отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сыныптар арасында өткізілетін «Тәуелсіздігім тірегім» атты тақырыпта мәнерлеп айту байқауы

21.12.2017

Шортанды ауданы Раевка орта білім беру мектебінде

бастауыш сыныптар арасында өткізілетін «Тәуелсіздігім тірегім» атты тақырыпта

мәнерлеп айту байқауы.


Мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін

меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек,

сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау.

Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын қалаптастыру.



Мұғалім Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар!

Армысыздар,өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас

ұландары! Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім

алушылардың арасында өткізілгелі отырған мектепшілік “«Тәуелсіздігім

тірегім» атты ” мәнерлеп оқу байқауына қош келдіңіздер!


Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің

мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына

қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз

ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын

жаңғырып отыруы тиіс. Күллі жер жүзі

біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның

тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан

арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін

алдағы өркендеудің берік діңі ете

отырып, әрбір қадамын нық басуын,

болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.

Қазіргі

таңда мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі

кешенді шараларды жаппай қолданыс

тіліне айланар күнде алыс емес. Елбасының

«Мәңгілік ел» идеясы барша жастарымызды

бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын

ұранға айналуы тиіс.Олай болса, Елбасы

салған сара жолдан таймайық, елдігімізбен

туған тіліміз мәңгілік жасай берсін,

көк туымыз желбіреп, айбынымыз асқақтай

берсін!

Мұғалім:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,


Мұғалім:

Бүгінгі сайысымызға мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

Мараппаттау рәсімі : Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.


Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін мағыналы, түйінді сөз дегім келеді. Осымен бүгінгі байқауымыз аяқталды. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Аман сау болыңыздар.

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст