Раевка орта мектебінде «Тіл дарыны» жалпы білім беретін мекемелерінің 8,9,10,11 сынып оқушылары арасындағы облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
14 ақпан күні біздің мектепте «Тіл дарыны» жалпы білім беретін мекемелерінің 8,9,10,11 сынып оқушылары арасындағы облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Аудан мектептерінен 13 оқушы қатысты. Бұл іс – шараны білм беру бөлімінің әдіскері Айнагүл Хапур басқарды. Оқушылар өздерінің білімдерін үш тілде көрсете білді. Тапсырмалар өте күрделі түрде ұсынылды. Оқушылар мақал – мәтелдерді, қазақ халқының салт дәстүрі, қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, белгілі бір танымал тұлғаның өмірбаяны, берілген тақырыпқа сай диалог құрастыру, өлең құрастыру үш тілде орындады. Барлық оқушылар тапсырмаларды орындады, өз шешендік шеберліктерін, тарих пен география пәндері бойынша білімдерін, ақындық өнерлерін көрсете білді. Оқушылар аудандық оқу бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі :Бұғыбаева Г.Т.