Бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Облыстық білім басқармасының басшылығымен, бізге, Егемен ауылынан "Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Раевка ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-не балаларды тасымалдау үшін көптен күткен мектеп автобус бөлінді. Көптен күткен мектеп автобусының кілтің, Шортанды ауданының әкімі Шабаров Сағындық Серекбайұлы және Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Ахметова Ш. Х. табыс етті. Барлық педагогикалық ұжым, ата-аналар мен балалар Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы, Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Бейбіт Айтымұлы Жүсіповке алғыстарын білдіреді.
Автобус – бұл арман, және ол арман орындалды. Мектеп автобусы үшін рахмет! Біз бақыттымыз!