Биыл елімізде тұңғыш рет 2-11 сынып оқушылары арасында Шахмат олимпиадасы өткізілді. Сонымен қатар, республиканың барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Солардың бірі - оқушылар мен студент жастардың арасында шахмат челленджі.
2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де республиканың барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледждерінде шахмат ойыны басталады.
Шахмат челленджі республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады.
Шахмат челленджі жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы балалар мен жасөспірімдердің, педагогтердің арасында аталмыш спорт түрінің бұқаралық сипатта дамығанын, жарқын жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, оқушылардың зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция.
Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
Челлендждің міндеттері:
- оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту.
- балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту.
Үйлестірушілер: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.
Ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.
Қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтері.