Шортанды ауданы Раевка орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар өткеріліп жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орта мектептің директоры Бұғыбаев Гүлбаршын Тілеулес қызының айтуынша, бағдарламаның жүзеге асыруда мектепте жұмысшы тобы құрылып, топтың әр бір мүшесі өздеріне жүктелген тапсырмалар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мектебімізде оқушыларды кітап оқуға қызықтыру мақсатында «Мен өз кітаптарымен бөлісемін» кітаптар сөресі ашылды. Мектеп оқушылары өздерінің кітапқа деген қажеттілігін барынша қанағаттандыру мақсатында өз кітаптарын мерзімі шектеусіз, еркін, өздерінің қызықтырған кітаптары мен пікір алысып жатыр. Жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқында жаңаруын талап етеді. Негізгі орта білім беруде жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша да, мектебімізде болшаққа бағдарланған жоспар амалға асырылып жатыр. Мектебімізде бүгін физика пәні мұғалімі Нұржанов Кенжебай Сапарбаевич жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша, оқу орыс тілінде жүргізілетін 7-сыныпта «Деформация. Закон Гука» ашық сабағын өткізді. Сабақ жоспар бойынша жүргізіліп, жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдаланды. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдана білді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етіп мақсатқа жеткізді.